Суық су тарифтері ақпаннан бастап өзгереді
Алматы тұрғындары үшін суық су тарифтері көтеріледі
Алматыда 1 ақпаннан бастап суық су мен канализация тарифтері өзгереді. Бұл туралы Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департамент басшысы Әсел Буденеева брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жаңа тарифтер:
- Суық сумен жабдықтау бойынша орташа тариф 135,24 теңге/м³ болады.
- Канализация үшін тариф 83,54 теңге/м³ құрайды.
- Тұрғындар үшін суық су тарифі 91,96 теңге/м³, ал канализация үшін 83,54 теңге/м³ болады.
Пәтерлерге қатысты орташа чек өсуі:
- Бір бөлмелі пәтер (32 м²): суық су – 156 теңге, канализация – 139 теңге (барлығы: 295 теңге).
- Екі бөлмелі пәтер (48 м²): суық су – 234 теңге, канализация – 208 теңге (барлығы: 450 теңге).
- Үш бөлмелі пәтер (88 м²): суық су – 312 теңге, канализация – 278 теңге (барлығы: 600 теңге).
Тұтыну көлеміне қарай тарифтер:
- 3 м³ дейін – 91,96 теңге/м³.
- 3-5 м³ – 110,36 теңге/м³.
- 5-10 м³ – 137,94 теңге/м³.
- 10 м³ асса немесе есептегіш құралдары болмаса – 183,92 теңге/м³.
Алынған қаражат ресурстарды үнемдеу технологияларын енгізуге, жабдықтарды жаңартуға және желілерді жөндеуге жұмсалмақ.
Бұған дейін Алматыда есептегіші жоқ тұрғындарға су тұтыну нормаларының жаңа талаптары енгізілгені белгілі болды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
10:41
Ақмола облысындағы жол апатынан кейін 4 күндік ...
09.11.2026
10:29
Астанада Есіл өзенінен тағы бір ер адамның мәйі...
09.11.2026
10:28
"Сәлемін алмадым": Мұқасан Шахзадаев Нұрланмен ...
09.11.2026
10:22
Алматыда оқушылар жаппай уланған мектептің дире...
09.11.2026
10:07
Танымал айтыскер ақын дүниеден өтті
09.11.2026
09:53
12 жасар қызының ернінен сүйген ер адамның виде...