“Түсімде Пайғамбар көрдім” деген блогер хиджабын шешіп тастады
510
Көпшілікке ТикТок әлеуметтік желісінде “Түсімде Пайғамбарды көрдім!” деп танымал болған блогер Назерке қыз хиджабын шешіп тастады,-деп хабарлайды politico.kz.
Сіздер білмейсіздер, намаз оқып жүрген қаншама оңбаған еркектің барын” деген ол ҰҚК қызметкерлеріне арнайы алғысын білдірді. “КНБ-нің адамдары жаман дейді. Олай емес. Маған “қазағымның қызы” деп жәрдем берген сол КНБ-ның адамдары. Оларға алғысым шексіз! Олар көмектеспегенде, қазір не боларын кім білсін” деді. Тікелей эфирде отырған 500-ден астам кісінің бір бөлігі “сатқын, дініңді саттың!”, “сенікі хайп болды”, “мұсылман емессің”, “тозақта жанасың”, “оңбған, жезөкшесің”, “дінге күйе жақпа”, “бұған жын кірген”, “кәпір” деп пікір жазса, енді бірілері ботадай боздап отырған қыздың телефон нөмірін сұрап, “демалайық” деген мағынада пікірін қарша боратуда. “Мен әркімнің тулағындай иленбей, таза өмір сүру үшін, балаларымның жүзі төмен болмауы үшін осы қадамға бардым. Иманым да, дінім де -жүрегімде. Мен намысын таптатпаған қазақтың қызымын. Осыны біліңіздер! Ешкімнің иманы сыртқы киімімен өлшенбейді” деген ол әйел ретінде өзін басқалардың түсінуін өтінді.Соңғы жаңалықтар
22.06.2026
18:30
Алматы облысында марқұм генерал Жайлаубек Халық...
22.06.2026
18:23
Әнші Төреғали Төреәліге шектеу қойылды
22.06.2026
17:54
ҚМА сегіз өңірде жаңа басшыларды тағайындады
22.06.2026
17:51
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Пакқа сот үкі...
22.06.2026
17:31
Айгүл Иманбаева өзін дуалағандардың кім екенін ...
22.06.2026
17:24
Желіде тіл мәселесіне қатысты қос стандартқа на...