Талғарда Шерзаттың атына көше берілуі мүмкін

Талғарда Шерзаттың атына көше берілуі мүмкін
16.09.2025 16:12
0
186
ФотоКоллаж: POLITICO.KZ

Мейірман Шекеев Талғар қаласындағы көшелердің біріне 16 жастағы марқұм Шерзат Полаттың есімін беру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды POLITICO.KZ ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, жасөспірім қаза тапқан аумақтағы көшелер қазіргі уақытта Менделеев және Руставели есімдерімен аталады. Ол бұл атауларды кеңес өкіметінен қалған мұра деп санап, олардың Қазақстанға еш еңбегі сіңбегенін алға тартады.

Осыған байланысты Мейірман Шекеев Менделеев көшесінің атауын Шерзат Полат көшесі деп өзгертуді ұсынған. Ол бұл ойын Талғар қаласының әкіміне жеткізгенін және қала басшысының бастамаға қолдау білдіруге уәде еткенін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Еске сала кетсек, 16 жастағы Шерзат Полат 2024 жылдың қазан айында Талғар ауданында болған төбелес салдарынан қаза тапқан еді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий