Талғарда тағы да жантүршігерлік жағдай болды
Әлеуметтік желіде Алматы облысы Талғар ауданында "әйел 5 жасар қызының көзінше ажал құшқаны" туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Politico.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді.
Мәліметке сүйенсек, 14 қаңтарда Рысқұлов ауылының тұрғынын өлтірді деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала мәліметке сәйкес отбасылық жанжал кезінде ауыл тұрғыны азаматтық некедегі жұбайына екі рет пышақ жарақатын салғаны анықталды, салдарынан бірнеше сағаттан кейін жәбірленуші қайтыс болды", - деді өңір полициясы.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні ұстаған.
"Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды