Танымал адвокат журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа бермек (ВИДЕО)

Танымал адвокат журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа бермек (ВИДЕО)
26.05.2025 13:10
0
227
Фото: әлеуметтік желіден алынды

Әлеуметтік желіде танымал адвокат, құқық қорғаушы Ләззат Ахатова белгілі журналист Нұрсейіт Жылқышыбайды сотқа бермекші. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Оны сотқа беруге журналистің Мұхамеджан Тазабектің қорғаушы туралы сұрағы себеп болған көрінеді.

«Нұрсейіт Жылқышыбай, мына сұрағыңыз өте ерсі. Мұхамеджан дұрыс айтады, бірге оқыдық. Мен ол кезде ұзатылып кеткен, өз отбасы бар адам едім. Мұхаңмен бірге оқыды деген атым болмаса, көп те араласпағанбыз. Мен тек Мұхамеджанмен емес, курстастардың денімен дос ретінде араласам. Ол заңды да. Қазір ажырасып кетсем, немене міндетті түрде бірге оқыған біреумен жүру керек пе? Мен қанша жерден басым бос болса да, отбасылы азаматпен байланысқан емеспін, байланыспаймын да. Өзімнің отбасымның шырқы солай бұзылып, шаңырағым ортасына түскесін, ешқашан біреудің ұйып отырған шаңырағын бұзбаймын да, өзімдей анаға, әйелге титтей де зиянымды тигізбеймін. Менің өмірлік принципім сондай. Менің жеке өмірімді сөз етуге қақыңыз жоқ! Ажырассам, ерден ажырасқан шығармын, бірақ менің алтындай ұл-қызым бар, жалғыз емеспін. Мұхамеджанды Қаңтардан кейін эмоциямен (мүмкін негізсіз) кінәлаған шығармын, діни сеніміне күмән болған шығар, бірақ құдайшылығын айту керек, ешқашан жалғыз екен деп, басынған, бөтен әңгіме айтқан кезі болмағаны үшін, титтей де бір көңіліме келетін әрекет етпегені үшін құрметтеймін.

Соңғы рет былтыр Серікзат үшеуміз оразаның алдында, «Керуенде» бір мейрамханада шәй іштік, одан кейін кездеспедім. Кездескенде тек студенттік шақты еске аламыз, ұстаздарды айтамыз, сол кездегі балалықтарды, қызықтарды айтамыз. Ешқандай саясат, сезім, махаббат-сахаббат деген тема болмайды. Өйткені бәріміз ет пен сүйектен жаралған адамбыз. Бір сәт баяғы тап-таза балаң шаққа оралғымыз келеді, сол кездің куәсі болған жандарды көргенде, еріксіз сол алаңсыз бәрі жақсы, бәрі дос көрінетін, жанымыз мөлдір, ешқандай ағыммен, саясатпен былғанбаған жастық шаққа саяхат жасап, рахаттанып күліп, тарқаймыз. Бөтен бір нәрсе айтпаймыз. Тіпті Қаңтардан соң, неше түрлі нәрсе жазып тастасам да, сол күдікті сұрағымды да көргенде Мұхаңның көңіліне қарап, мен қоя алмадым. «Оның не, Ләззат-ау, абитуриент кезден білетін дос емес пе едік, өзімнен неге сұрамадың?» деп, Мұхамеджан да айыптамады. Көңілге ауыр тиетін тақырыпты айналып өттік. Секең де айтпады. Тек өзара жігіттермен болатын төбелестерді, бөтен факультеттің қыздарына барып, белгілі ақынның өлеңін өзімнің өлеңім деп оқып, «облом» болған кездерді еске алып, күліп қайттық. Әрқайсымыз өз жолымызбен, өз сенімімізбен кетсек те, бізге ортақ бір нәрсе - студенттік жылдар, қара шаңырақ-КазГУ. Жұбайы мені жақсы біледі, телефонда «Ләззатпен отырмын» деп, сөйлесе береді, біздің жігіттер) Секең де «сенімен отырмын десем, Айнұр тыныш» дейді. Дос ретінде сенеді. Менен біздің жігіттердің келіншектері күйеулерін ешқашан қызғанбайды, себебі біздің бір-бірімізге деген ниетіміздің тазалығын біледі. Қазіргілерді білмеймін, біздің кездің жігіттері осындай! Досқа дос деп қарайды, көңіліңе қаяу түсірмейді, бөтен сөз айтпақ түгілі, көзіңе тіктеп қарамайды. Біздің арамызда осындай сыйластық пен құрмет бар.

Орыстарда «каждый по себе судит»деген бар, басы бос әйел көрсе болды, арам ойлайтындардың қыздарына сондай тағдыр берсе ғана ойланар, бәлкім.. Ал мына сөздеріңіз ұят болды, Нұрсейіт інім..Рейтинг деп, шектен шығуға болмайды. 50-ге келген адамдарда қайдағы ұрпақ өрбіту?! Ұрпағымызды давно өрбітіп қойғанбыз, өз отбасымызда. Енді немере сүйетін жастамыз», - деп жазды Ләззат Ахатова желідегі парақшасында.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий