Таразда бес қабатты тұрғын үйде алапат өрт болды

01.01.2026 12:48 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
Таразда бес қабатты тұрғын үйде алапат өрт болды
0
213
Фото: ozgeris.info

31 желтоқсан күні кешкі сағат 22:18-де Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде ірі өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың бесінші қабатындағы балконнан басталып, қысқа уақыт ішінде шатыр бөлігіне түгел жайылған, деп хабарлайды Politico.kz.

31 желтоқсан күні кешкі сағат 22:18-де Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйлердің бірінде ірі өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт ғимараттың бесінші қабатындағы балконнан басталып, қысқа уақыт ішінде шатыр бөлігіне түгел жайылған.

Оқиға туралы хабар түскен бойда өртке қарсы қызмет жоғары санат бойынша жұмылдырылды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде тұрғын үйдің шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күшімен ғимараттан барлығы 100 адам эвакуацияланды. Олардың 30-ы – балалар.

Тұрғындар үшін алдымен өрт сөндіру автокөліктерінің базасында, кейінірек жақын маңдағы мектеп ғимаратында уақытша жылыну пункті ұйымдастырылды. Бұл туралы Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ербол Амиров мәлімдеді.

Өрт орнында жедел штаб құрылып, су үздіксіз жеткізілді. Жалынды ауыздықтауға үш жауынгерлік учаске мен жеті су шашқыш оқпан тартылды. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алды.

Абырой болғанда, өрт салдарынан зардап шеккендер тіркелген жоқ. Жалынды сөндіруге барлығы 62 маман мен 22 бірлік техника жұмылдырылды. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт 1 қаңтар күні сағат 00:13-те толықтай сөндірілді. Алдын ала есеп бойынша, от шамамен 900 шаршы метр аумақты қамтыған.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий