"Тарихи оқиға": Тоқаев Дональд Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды

23.12.2025 19:38 Берік Арманов Берік Арманов
0
80
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамппен телефон арқылы мазмұнды әңгіме өрбітті, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекеттер басшылары екіжақты күн тәртібі мен халықаралық ахуал, соның ішінде Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қараша айында Вашингтонға жасаған сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыруға ниетті екенін айтты. 

Қазақстан Президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.

Еліміз барлық тарапты төзімділік, икемділік және кәсібилік танытып, бейбітшілік формуласын іздеуді жалғастыруға шақырады. Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың көшбасшылық қасиеті арқасында бірқатар халықаралық әскери қақтығыс тоқтап, АҚШ-тың ішкі әлеуетін күшейтуде оң нәтижеге қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекет басшысы Америка Президентін өзіне қолайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды. Бұл екіжақты қарым-қатынастағы тарихи оқиға болатынына сенім білдірді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий