«Томирис» фильмінің жұлдызы Альмира Тұрсын жұртты тамсандырды

Қазақстандық актриса Альмира Тұрсын әлеуметтік желіде фототүсірілімнен әсерлі образда бейнеленген кадрлармен бөлісіп, әйелдерге маңызды үндеу жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Актриса қара түсті шалбар мен иығы ашық лонгслив киіп, жалаңаяқ камера алдында еркін позада түсіп тұрған сәтін жариялаған. «Томирис» фильмінің басты кейіпкерін сомдаған актрисаның тарқатылған шашы оның нәзік әрі жігерлі бейнесін толықтыра түсті.
«Қыздар, өз бағаларыңды түсірмеңдер», – деп жазды Альмира.
Желі қолданушылары актрисаның жазбасына жылы пікірлер қалдырып, оның позитивті энергиясы күні бойы шабыт сыйлағанын айтты.
«Сізге сәттілік пен табыс тілеймін! Жарқын көңіл күй мен көктемгі шабыт серігіңіз болсын!» – деп жазды оқырмандарының бірі.
Альмираның бұл жазбасын көпшілік жоғары бағаланып, лайк қойып, жүрекшелерге толы пікірлер жазды.
Соңғы жаңалықтар





