Президент елдердегі бірқатар елшілерді ауыстырды

Президент елдердегі бірқатар елшілерді ауыстырды
Ақорда
Тоқаев бірқатар елшілерді тағайындады

Президенттің Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

" Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлім Серікұлы Қирабаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды", - делінген ресми хабарламада.

Президенттің келесі жарлығымен Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев тағайындалды. Осыған байланысты ол Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Шри-Ланка, Бангладеш, Непал, Бутан және Мальдив Республикаларындағы қоса атқарушы қызметтерінен босатылды.

Сонымен қатар Қазақстанның Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына Азамат Несіпбайұлы Есқараев тағайындалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу