Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына барды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтетін «Бішкек Арена» стадионына келді, деп хабарлайды Politico.kz.
Мемлекет басшысын Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды. Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекке Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің 26-шы отырысына және «ШҰҰ+» форматындағы кездесуге қатысу үшін жұмыс сапарымен барған болатын. Сапар бағдарламасында халықаралық саммиттерден бөлек дүбірлі ауқымды спорт сайысының ашылу салтанатына қатысу да қарастырылған.
Биылғы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Қырғызстанда 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында өтеді. Рәсімнен кейін негізгі жарыстар, сондай-ақ мәдени және ғылыми бағдарламалар 2–6 қыркүйек аралығында Ыстықкөл облысындағы Шолпан-Ата қаласы мен Қырчын шатқалында жалғасады. Халықаралық бәсекеге әлемнің 112 елінен 3 мыңға жуық спортшы қатысады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...
24.10.2026
14:11
Атырау тергеу изоляторында жаппай наразылық бол...
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...