Тоқаев Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайға қатысады
Ұлттық құрылтайдың IV отырысы Бурабайда өтеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 14 наурыз күні Ақмола облысындағы Бурабайда өтетін Ұлттық құрылтайдың IV отырысына қатысады, деп хабарлайды POLITICO.KZ. Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Руслан Желдібай Telegram арнасында жариялады.
Жиын барысында Мемлекет басшысы сөз сөйлеп, қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пікір білдіреді. Ұлттық құрылтайдың мүшелері болса, өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне қатысты нақты ұсыныстарын жеткізеді деп күтілуде.
Айта кетейік, Ұлттық құрылтай Қазақстанда 2022 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді. Оның алғашқы отырысы 2022 жылы Ұлытауда өтсе, екінші жиын 2023 жылы Түркістанда, ал үшінші отырысы 2024 жылы Атырауда ұйымдастырылған болатын.
Құрылтайда әдетте қоғамда кең талқыланып жүрген маңызды мәселелер көтеріледі. Алдағы отырыста да осы дәстүр жалғасады деп күтілуде.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды