Тоқаев Давосқа жетті: Президент Трамп ұсынған тарихи құжатқа қол қояды
Тоқаев Трамп ұсынған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қою үшін Давосқа жетті, деп хабарлайды Politico.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давостағы Конгресс орталығына табан тіреді. Дәл қазір мұнда жаһандық саясаттағы маңызды оқиға басталғалы тұр.
Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, санаулы сәттерден кейін Қазақстан Президенті арнайы рәсімге қатысады. Онда АҚШ Президенті Дональд Трамптың тікелей бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойылады деп күтілуде. Бұл құжат халықаралық қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың жаңа кезеңін айқындамақ.
Белгілі болғандай, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін, 22 қаңтарда Дональд Трамптың арнайы шақыртуымен Швейцарияға жұмыс сапарымен барды. Давос алаңындағы бұл кездесу әлемдік лидерлердің бейбітшілікті сақтау жолындағы күш-жігерін біріктіруді көздейді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады