Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады

14.06.2026 11:34 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев Дональд Трампты туған күнімен құттықтады
213
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады. Мемлекет басшысы АҚШ Президентін туған күнімен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз жеделхатында еліміздің Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін жеткізді. Сонымен бірге ол жоғары деңгейдегі саяси диалог пен екі мемлекет арасындағы сауда және экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды. Түрлі салалардағы инвестициялық байланыстардың маңызы да ерекше атап өтілді.

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау мен өзара түсіністікті арттыру бағытындағы бірлескен жұмыстарды жалғастыруға әзір екенін растады. Мемлекет басшысы орнықты даму бастамаларын ілгерілету үшін екі елдің бірлесіп әрекет етуі маңызды екенін мәлімдеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ береке тілеп, оның жауапты қызметіне табыс тіледі. Мемлекет басшысы бұл мемлекеттік қызметтің АҚШ халқының игілігі жолында атқарылып жатқанын атап өттті.

Войдите, чтобы оставить комментарий