Тоқаев экономикалық жағдайға байланысты кеңес өткізді

Тоқаев экономикалық жағдайға байланысты кеңес өткізді
16.04.2025 13:35
0
128
Ақорда
Мемлекет басшысы елдің қаржылық тұрақтылығын сақтау жолдарын атады

Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс отырысы өтті.

Жиында тарифтік қақтығыстар салдарынан әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты еліміздің іс-қимыл жоспары талқыланды.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің, сондай-ақ басқа да құзыретті органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Президент қазіргі жаһандық экономикадағы ахуалдың тұрақсыз сипат ала бастағанын, сондықтан кез келген жағдайға дайын болу қажет екенін атап өтті.

Кеңес отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындады.

– Үкіметтің міндеті – халықтың әл-ауқатын, экономикалық өсім қарқынын және тартылатын инвестиция көлемін төмендетуге жол бермеу, – деді Мемлекет басшысы.

Президент әлемдік деңгейдегі дағдарыстар әрдайым сын-қатерге толы болғанымен, дамудың жаңа көкжиегін ашатынын да айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық, көлік-логистикалық және адами әлеуетін нығайтуға ықпал ететін нақты стратегиялық бағыттарды атады.

Ірі инфрақұрылымдық жобалар мен цифрландыру жоспары еліміздің экономикалық саясатының басты бағыттары болып қала береді.

– Халық алдындағы негізгі әлеуметтік міндеттемелердің бәрін орындауға және маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыруға тиіспіз, – деді Президент.

Мемлекеттің қаржылық тұрақтылығын сақтау мен ақша-несие саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіруге ерекше назар аударылды.

Жиын соңында Президент мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий