Тоқаев көңіл айтты: Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапты

18.11.2025 09:17 Айсұлу Мұрат
Тоқаев көңіл айтты: Түркістан облысында үй өртеніп, 12 адам қаза тапты
0
203
Фото: Ақорда

Түркістан облысы, Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 101 қызметіне түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер келген сәтте үй толығымен отқа оранғаны анықталды. Барлау және өртті сөндіру кезінде үйден ес-түссіз жатқан үш адам эвакуацияланып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Тұрғын үйдің ішінен, балаларды қоса алғанда, 12 адамның мәйіті табылды. Көршілердің айтуынша, сол түні үйде қонақтар болған — иелері алдыңғы күні шара өткізген. Өрт 360 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Оқиға орнында барлық жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысы Жетісай ауданындағы жеке үйде болған өрттің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, қайғылы оқиғаны жан-жақты тексеруді тапсырды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий