Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті

27.08.2026 20:16 Қарақат АСЫЛОВА
Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесті
350
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Әңгіме барысында Ердоған Қазақстан Президентін бір палаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауының сәтті өтуімен құттықтады. Түркия көшбасшысы бұл тарихи оқиға Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді деген пікір білдірді.

Сондай-ақ Режеп Тайип Ердоған парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі жандандыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев жылы лебізі үшін Түркия Президентіне алғыс айтып, халықаралық ұйымдар аясында жұмыс істеген түркиялық байқаушылар миссиясының белсенділігін атап өтті.

Президент Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың басты мақсаты – заманауи әрі әділетті мемлекет құру екенін айтты.

Тараптар Қазақстан мен Түркия арасындағы достық және кеңейтілген стратегиялық серіктестік негізіндегі қарым-қатынастардың қазіргі қарқынына оң баға берді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ердоғанның биыл мамыр айында Астанаға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызын атап өтті.

Әңгімелесу кезінде алдағы халықаралық іс-шаралар да талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның биыл Түркияда өтетін бірқатар жоғары деңгейдегі кездесуге шақыруын қабыл алды.

Войдите, чтобы оставить комментарий