Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Қазақстан мен Ресей басшылары энергетика және ынтымақтастықты талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әңгіме барысында екі елдің басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың тұрақты түрде дамып келе жатқанын атап өтті. Президенттер жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.
Сондай-ақ, тараптар энергетика саласындағы өзара іс-қимылға ерекше назар аударды.
Халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу өтті. Владимир Путин Ресей мен АҚШ арасындағы диалогтың барысына қатысты өз бағасын бөлісті.
Әңгіме соңында қос мемлекет басшылары Мәскеуде өтетін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Аталған шараларға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысады деп жоспарланып отыр.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады