Тоқаев: Президент қызметтен кетсе, сайлау екі айдың ішінде өтуі керек

20.01.2026 14:00 Арман Ермеков Арман Ермеков
Тоқаев: Президент қызметтен кетсе, сайлау екі айдың ішінде өтуі керек
0
719

Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің саяси жүйесіне қатысты маңызды бастама көтерді, деп хабарлайды Politico.kz

Президент Мемлекет басшысының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, билік транзитінің нақты механизмін заң жүзінде бекітуді ұсынды.

«Кәсіби заңгерлер Ата заңның мәтініне қатысты пікірлерін білдірді.

 Олар Конституциямыздың кейбір тұстарын нақтылай түсу қажеттігіне назар аударды.  

Атап айтқанда, Мемлекет басшысын сайлау мәселесі бойынша маңызды ұсыныс бар.

Қазіргі Ата заңға сәйкес Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына беріледі.

Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, Президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. 

Бұл ретте, мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі, осы мәселені ерекше атап өткен жөн. Басқаша айтсақ, «қалған мерзім» 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін.

Сондықтан, Мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтеді деген норма негізгі заңда нақты белгіленуі қажет.

Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни, заңды түрде келуі керек. Бұл – мен үшін мызғымас ұстаным. 

Осы норма кейінгі мемлекет басшылары үшін де еш өзгермейтін қағида болуға тиіс!», – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы вице-президент лауазымын енгізуді ұсынды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий