Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі басшылығына ұйымның 1-сессиясын өткізуді тапсырды

14.07.2026 17:47 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі басшылығына ұйымның 1-сессиясын өткізуді тапсырды
65
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесі төрағасының орынбасары – хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаевты қабылдап, ұйымның 1-сессиясына дайындық барысын пысықтады, деп хабарлайды Politico.kz.

Кездесу барысында Қанатбек Жайсанбаев жаңадан құрылып жатқан Қазақстан Халық Кеңесі мен оның хатшылығының жұмысын іске қосу шаралары туралы есеп берді. Баяндамаға сәйкес, аталған хатшылық ұйымның қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, қаржылық, сондай-ақ материалдық-техникалық және ақпараттық тұрғыдан толық қамтамасыз етуді өз мойнына алады.

Өз кезегінде президент бұл кеңестің Әділетті Қазақстанды құру жолында маңызды рөл атқаратын бірегей диалог алаңы екенін ерекше атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы хатшылық жетекшісіне Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам өкілдерімен және халықаралық ұйымдармен өзара байланысын тиімді үйлестіруді міндеттеді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта өтетін Қазақстан Халық Кеңесінің 1-сессиясына жоғары деңгейде дайындық жүргізу қажеттігіне баса назар аударды.

Войдите, чтобы оставить комментарий