Тоқаев Қырғызстан президентімен сөйлесті

17.02.2026 16:24 Әсел Мұрат
Тоқаев Қырғызстан президентімен сөйлесті
53
Фото: ашық дереккөз. Суретте: Садыр Жапаров пен Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Politico.kz.

Ақорданың мәліметінше, Қазақстан президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасының оң динамикасына тоқталып, оған тұрақты саяси диалог, екі ел үкіметтері мен іскер топтары арасындағы белсенді ықпалдастық септігін тигізіп отырғанын атап өтті.

Бауырлас елдердің көшбасшылары сауда-экономика, көлік-логистика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастықтың қарқынды түрде дамып келе жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысы Садыр Жапаровқа елімізде Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын айтты. 

Қырғызстан президенті Қазақстандағы ауқымды өзгерістерді қолдайтынын мәлімдеді.

Қазақстан президенті Бішкекте ШЫҰ саммиті мен Дүниежүзілік көшпенділер ойындары секілді маңызды халықаралық іс-шаралардың табысты өтуіне тілектестік білдірді.

Тоқаев Жапаровтың ел бірлігін сақтауға, қырғыз мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған шешімдерін қуаттады. 
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий