Тоқаев қыз алып қашу ұлт беделіне нұқсан келтіретін қылмыс екенін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылордада өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың V отырысында қыз алып қашуға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Тоқаев қыз алып қашуды ұлтымыздың беделіне нұқсан келтіретін өрескел әрі жабайы қылмыс деп атады.
«Мұндай қатыгездікке ешқашан жол беруге болмайды. Жыл өткен сайын халықтың сана-сезімі өсіп, қоғамда азаматтық жауапкершілік деңгейі артып келеді. Заңнамалық өзгерістер де соған сай болуы өте маңызды. Заң мен тәртіп бәріне ортақ. Еліміздің әрбір азаматы заң талабын бұлжытпай орындауға тиіс», - деді Тоқаев.
Айта кетейік, жақында Шымкентте студент қызды алып қашқан. Одан кейін сол үйде жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Қыздың арызы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды