Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты

20.04.2026 12:18 Әсел Мұрат
Тоқаев Шахановтың отбасына көңіл айтты
634

Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады», – делінген Тоқаевтың жеделхатында.

Еске сала кетейік, күні кеше Ақын, қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов 84жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Сондай-ақ Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа күні ақынның аманаты жазылған хатын жариялады. Ақын, халық жазушысы Мұхтар Шахановтың тірі кезіндегі соңғы аманаты – өзін ата-бабасының мекені, Отырардағы Арыстан баб кесенесінің маңына жерлеу.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий