Тоқаев сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

29.07.2026 09:10 Абзал БАХЫТЖАНОВ
Тоқаев сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады
649
Фото: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исағалиев Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

"Мемлекет басшысының өкімімен Арман Қайратұлы Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.

Бұл лауазымға дейін дипломат 2020 жылдың қыркүйегінен бастап биылғы жылдың 10 шілдесіне дейін Қатар мемлекетіндегі төтенше және өкілетті елші міндетін атқарып келген.

Исағалиев Арман деген кім?

Исағалиев Арман Қайратұлы — 1972 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1994-1995 жж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Мемлекеттік университетінің оқытушысы.

1995-1999 жж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының шығыстану институтының ғылыми қызметкері.

2000-2004 жж. Қазақстан Республикасының Египет Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы.

2004-2006 жж. Бизнес құрылымдарындағы жұмыс.

2008-2011 жж. Қазақстан Республикасының Сауд Арабия Корольдігіндегі Елшілігінің кеңесшісі.

2011-2014 жж.Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының сектор меңгерушісі.

2014-2017 жж. Қазақстан Республикасының Дубай қаласындағы (Біріккен Араб Әмірліктері) Бас консулы.

2017-2020 жж. Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019–2020 жж. Қазақстан Республикасының Алжир Халықтық-Демократиялық Республикасындағы, Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарушысы.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалғанға дейін 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Араб және ағылшын тілдерін меңгерген.

Войдите, чтобы оставить комментарий