Тоқаев Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонды құттықтады
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Эмомали Рахмон мен оның отандастарын Тәжікстан тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Politico.kz.
Президент Тәжікстанның егемендік жылдарында мемлекеттік басқару, әлеуметтік-экономикалық даму, сондай-ақ әлемдік аренада ұлттық мүддені қорғау мен ілгерілету ісінде зор табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
«Қазақстан халқы еліңіздің жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз достық қарым-қатынас пен өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-тәжік стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына құт-береке тіледі.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады