Тоқаев Ұлттық банктің 2024 жылғы есебін қабылдады

Тоқаев Ұлттық банктің 2024 жылғы есебін қабылдады
Ақорда
Тоқаев Ұлттық банктің есебін тыңдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банктің жылдық есебін қабылдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңесте Ұлттық банктің 2024 жылы атқарған қызметі туралы есеп берілді.

Мемлекет басшысына макроэкономикалық ахуал, ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштері, қаржы жүйесінің жай-күйі, халықаралық резервтер, БЖЗҚ мен Ұлттық қор активтері туралы баяндалды. 

Жиын барысында Ұлттық банктің қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар республикалық бюджеттің орындалуы, инфляцияны төмендету, ақша-несие саясаты, «Банктер және банк қызметі туралы» жаңа заң жобасы, экономиканың нақты секторын кредиттеу, сондай-ақ Ұлттық банктің алтын-валюта активтерінің жағдайы қарастырылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу