Тоқаевқа халық қаншалықты сенеді

10.11.2025 17:27 Әсел Мұрат
Тоқаевқа халық қаншалықты сенеді
0
743
Фото: Ақорда. Суретте: Қасым-Жомарт Тоқаев

2025 жылдың қазан айында Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты тапсырысы бойынша жүргізілген қоғамдық пікірді зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Тоқаевқа халық сенімі жоғары деңгейде сақталып, ол 86%-ды құрады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл көрсеткіш соңғы бірнеше жылда тұрақты түрде сақталып келеді және ол қоғам тарапынан елді жаңғырту мен жаңарту бағытын қолдау үрдісінің тұрақтылығын көрсетеді.

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының мәліметінше, сенімнің ең жоғары деңгейі жастар арасында тіркеліп отыр (90,1%). 

Респонденттер неғұрлым жас болған сайын, олардың Президентке сенімінде жаңашылдықтан, өзгерістерден үміті жоғары. 

Ал аға буын жасы ұлғайған сайын, керісінше, бұл өзгерістердің олардың қалыптасқан өмір салтын бұзбағанын қалайды. 

Халықтың президентке сенім деңгейі білім деңгейінің жоғарылауымен қатар өсуде. 

Президентке деген сенімнің жоғары деңгейі тек қана қала тұрғындары арасында ғана емес (85%), ауыл тұрғындары арасында да сақталып отыр (87,6%). 

Ауыл тұрғындары дәстүрлі түрде мемлекетпен іс жүзінде, яғни инфрақұрылым, бағдарламалар мен төлемдер арқылы тығыз байланысты. Ал қала тұрғындарының сенімі рационалды сипатта болып, өзгерістерді жүйе ретінде қабылдауымен көбірек байланысты.

Сондай-ақ, президентке ерлер де, әйелдер де тең дәрежеде сенім білдіреді. 

Әлеуметтанулық сауалнама ҚСЗИ тапсырысымен 2025 жылғы 3 қазан мен 5 қараша аралығында жүргізілді. Іріктеме көлемі 8000 респондентті құрайды. Сауалнамаға 17 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қала – Астана, Алматы және Шымкент қалаларының 18 жастан асқан респонденттері қатысты.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий