TikTok-та «өнер» көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды

TikTok-та «өнер» көрсеткен ер адам 30 тәулікке қамалды
Коллаж Politico.kz

Көкшетауда «TikTok» желісінде тікелей эфир кезінде жыныс мүшесін көрсетіп, балағат сөздер айтқан 45 жастағы ер адам 30 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Полицияның мәліметінше, тәртіп сақшылары әлеуметтік желілерді бақылау кезінде стримердің әдепсіз әрекеттерін анықтаған.

45 жастағы С. есімді ер адам тікелей эфирде бірнеше рет балағат сөз айтып, жыныс мүшесін көрсеткен. Оның эфирін жүздеген адам көрген.

Полицейлер стримерге қатысты әкімшілік іс материалдарын рәсімдеді. Сот шешімімен ер адам 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Полиция қоғамдық тәртіп нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу