Баласының оқуға түсуін тойлаған отбасының қуанышы қаралы аяқталды
2802
Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында мерекелік кеш кезінде қабырға құлап, 5 адам қаза тапты, тағы 17 адам жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ведомствоның WeChat желісіндегі мәліметіне сәйкес, оқиға 18 тамыз күні сағат 17:30 шамасында Чаннин уезінде болған. Жергілікті тұрғын балаларының оқу орнына түсуіне байланысты үйінің ауласында қонақ асын өткізген.
Уақытша орнатылған шатырда жаңбыр суы жиналып, оны ұстап тұрған арқандар қатты тартылғандықтан, қабырға ортасына түскен.
Салдарынан 3 адам оқиға орнында көз жұмып, тағы екеуі ауруханада қайтыс болды. Зардап шеккендер жергілікті емдеу мекемелеріне жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
15:23
Ер адам жүкті әйелдің ішін жарып тастады
07.10.2026
14:17
Шымкенттегі тойханада 13 жастағы жасөспірім көз...
07.10.2026
13:59
«Бәрін жария түрде айта алмаймыз»: Сайыров Ресе...
07.10.2026
13:31
Павлодарда прокуратура қызметкерінің көлігі қақ...
07.10.2026
12:27
«Сендердің кездегі тәрбие қазір өтпейді»: Тәуек...
07.10.2026
12:15
Татьяна Савельева Қорғаныс министрінің орынбаса...