Трамп Иранның жаңа көшбасшысын өзі тағайындағысы келеді

06.03.2026 11:01 Әсел Мұрат
Трамп Иранның жаңа көшбасшысын өзі тағайындағысы келеді
237
Фото: ашық дереккөз

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның келесі жоғарғы жетекшісін іріктеу процесіне өзінің жеке қатысуы қажет екенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Axios журналына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Politico.kz.

Трамп жарылыс кезінде қаза тапқан Али Хаменейдің ұлын үміткер ретінде қабылдамайтынын айтты. Соған қарамастан, Моджтаба Хаменейдің билік мұрагері атану мүмкіндігі жоғары екенін де мойындады.

«Олар уақыттарын босқа жоғалтып отыр. Хаменейдің ұлы әлсіз. Венесуэладағы Делси Родригеске қатысты жағдайдағыдай, бұл тағайындауға менің қатысуым қажет. Моджтаба әкесінің саясатын жалғастырады, ал бұл бес жылдан кейін АҚШ-ты тағы да соғысқа итермелеуі мүмкін. Мен Хаменейдің ұлын қабылдамаймын. Бізге Иранға тыныштық пен бейбітшілік орната алатын адам керек», – деді АҚШ президенті.

28 ақпанда Израиль мен АҚШ-тың Тегеранға жасаған зымыран соққысы салдарынан 1989 жылдан 2026 жылға дейін Иранның Жоғарғы көшбасшысы болған Әли Хаменейдің қаза тапты. БАҚ мәліметінше, онымен бірге оның ұлы, қызы, күйеу баласы және немересі де қаза болған.

АҚШ пен Израиль жүргізген операция салдарынан қаза тапқан Әли Хаменеидің орнына ұлы Моджтаба Хаменеи Иранның жоғары көшбасшысы болып сайланды.

 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий