Трамп пен Зеленский Ақ үйде кездесті

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский Ақ үйде жүздесті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жабық есік жағдайындағы келіссөз алдында екі елдің президенттері журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Трамптың айтуынша, алдағы Венгриядағы саммит екіжақты форматта — АҚШ пен Ресей арасында өтуі мүмкін. Ол Зеленскийдің кездесуге онлайн түрде қосылатынын да айтты.
АҚШ басшысы Украинаның америкалық қарумен алыс қашықтыққа соққы жасауына рұқсат беру қақтығысты ушықтырады деп санайды. Сонымен қатар Трамп Путин мен Зеленскийдің екеуі де соғыстың аяқталуын қалайтынын айтты.
Президент АҚШ-тың өзіне де «Томагавк» зымырандары және Украинаға жіберіліп жатқан басқа да қару түрлері қажет екенін атап өтті. Оның сөзінше, басты мақсат — ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу.
Зеленский келіссөз кезінде көбіне сөзді Трампқа беріп отырды. Ол АҚШ-қа дрондарды беру арқылы Ресейге қарсы «Томагавктарды» қолдануға рұқсат алуды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар





