"Түнгі үш болса да, мазалайды": Депутат мұғалімдерге хат алмасудан босататын заң ұсынды
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің оқушылармен және ата-аналармен мессенджерлер арқылы қарым-қатынасын шектеуді ұсынды деп хабарлайды POLITICO.KZ
Депутаттар мұғалімдерді оқушылармен, ата-аналармен және білім беру мекемесінің әкімшілігімен міндетті түрде мессенджерлер арқылы хат алмасудан босататын заң жобасын әзірледі. Құжат үкімет қарауына жіберілген.
“Сағат түнгі үште де хабарлама жазып, бірдеңе талап етуі мүмкін. Бұл жағдай мұғалімнің мәртебесіне қалай әсер етеді? Чатта 25 бала отырады, олар кейде қателесіп, суреттер, анекдоттар, қалжыңдар, түрлі құттықтаулар жібереді. Мұның барлығы мұғалімнің жалпы әл-ауқатына, зейініне, назарына қалай әсер етеді? Ол да жұмысынан кейін демалуы керек қой. Оның да балалары бар, жеке өмірі бар. Ата-аналар чаттарында не болып жататынын бәріміз жақсы білеміз”, – дейді депутат.
Аймағамбетовтің пікірінше, мұғалімдерді чат жүргізу міндетінен босату қажет. Депутат шетелде ұстаздар мен ата-аналар көбіне электрондық пошта немесе арнайы ресми LMS жүйелері (Қазақстандағы баламасы Kundelik.kz) арқылы байланыс жасайтынын атап өтті.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
21.10.2026
17:09
«Тісін сындырып, шашын қиған»: Ақтауда күйеуіне...
21.10.2026
17:07
Зеленский соғысты тоқтату үшін жерінен бас тарт...
21.10.2026
14:54
Экс-министр жаңа қызметке тағайындалды
21.10.2026
14:20
Ақтөбе облысында шахтада 24 жастағы кенші көз ж...
21.10.2026
13:44
Астанада «Пепенің» «тәтті» саудасын полиция тоқ...
21.10.2026
13:29
Балабақшадан орын іздегендер алаяқтың қалтасын ...