Түркістан облысында 260 тонна мақта өртеніп кетті

Түркістан облысында 260 тонна мақта өртеніп кетті
ТЖМ

Түркістан облысы Отырар ауданындағы мақта зауытында өрт шықты, деп хабарлайды POLITICO.KZ

2025 жылы 14 желтоқсан күні сағат 03:57-де Отырар ауданы Темір ауылында мақта пунктінің ашық аумағында ауданы 360 шаршы метр аумақта жиналған мақта жанды. Жалпы салмағы – 260 тонна. Қоймада жалпы 4500 тонна мақта сақталған. Өрт сөндірушілер 4240 тонна мақтаның жануына жол бермеді. Өрт сағат 06:54-те толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр,- делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратта.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінен 30 жеке құрам, 7 техника, ауыл құтқарушыларынан 3 адам, 1 техника, орман шаруашылығынан 3 адам, 1 техника және жергілікті атқарушы органнан 15 адам, 4 су тасушы техника жұмылдырылды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу