Түркістан облысында ер адам 17 жастағы қызды бір жыл бойы зорлап келген
Оқиға Түркістан облысы Мақтарал ауданында болған, деп хабарлайды POLITICO.KZ Stan.kz-ке сілтеп.
Жәбірленушінің айтуынша, бәрі өткен жылы тамыз айында күдіктінің көлік жүргізуді үйретемін деген ұсынысынан басталған. Ер адам "ақша алып шығамын" деген сылтаумен бір жерге кіріп кеткен. Бес минуттан соң келіп, көлік есігін құлыптап, қызды зорлаған. Мұны видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге таратамын деп қорқытқан.
Араға уақыт салып ол жәбірленушіні басқа еркектермен жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеген. Бұған шыдамаған қыз өзіне қол салмақ болған. Оны ата-анасы аман алып қалған. Мән-жайды біліп, дереу полицияға арызданған.
Полиция ақпаратты растап, қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Іс бойынша қанша күдікті бары әзірге белгісіз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
24.10.2026
11:34
Атырауда департамент басшысы өлі күйінде табылды
24.10.2026
10:20
Астанада ХҚКО қызметкерлері жүргізуші куәлігін ...
24.10.2026
09:27
«Бауырсаққа таласқандай»: Маңғыстауда жаңа вокз...
23.10.2026
23:30
Атырауда жаппай көшіру басталуы мүмкін: Кімдерд...
23.10.2026
22:34
Астанада автобус терезесін ұрып, жүргізушіні ба...
23.10.2026
21:31
Екі аяғынан айырылған студенттің ісі: Арыс әкім...