Түркістан облысындағы қайғылы оқиға елді дүрліктірді

10.11.2025 23:41 Берік Арманов
Түркістан облысындағы қайғылы оқиға елді дүрліктірді
0
531
Фото: Qaz365.kz

3-ші қараша күні Түркістан облысында Мейіржан Нұржанұлы есімді 9-сынып оқушысының мәйіті бейіт басынан табылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

Туыстарының айтуынша, жасөспірімді досы үйінен шақырып, әжесінен рұқсат алып кеткен.

Олардың сөзінше, 15 жастағы Мейіржан мектептегі әлімжеттік салдарынан көз жұмған. Досы алып кеткеннен кейін, бірнеше бала мола маңына жиналған.

Марқұмның ағасы Мейіржанның тәртіпті, озат оқушы болғанын айтады. Ол математика мен физика пәндерінен мектепаралық жарыстарға қатысып жүрген. Сол түні құрдастары мола маңында бас қосып, төбелес шығарған көрінеді. Фельдшер болып істейтін ағасы Бауыржанның айтуынша, інісінің жүрек тұсына сегіз рет соққы жасалған, соның салдарынан жүрегі жарылып кеткен.

Жақындары оқиғаға қатысты төрт жігітті күдікті санайды, алайда олар әзірге қамауға алынбаған.

Марқұмның отбасы істің әділ тергелуін талап етіп, оқиғаның бұрмаланбауын сұрайды. Олар құқық қорғау органдарынан нақты әрі ашық шара қабылдауды өтінуде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий