Түркістанда ауруханадан қашып кеткен сотталушы ұсталды

Түркістанда ауруханадан қашып кеткен сотталушы ұсталды

Түркістан облысының полициясы үш күн бұрын медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ер адам танысының үйін паналап, бой тасалаған.

«Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамалды. Барлық мән-жайларды анықтау үшін қажетті іс жүргізу шаралары жүргізіліп жатыр. Алдын ала тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады департамент.

23 қазан күні Түркістан қаласындағы ауруханада ем қабылдап жатқан сотталушы медициналық мекемеден қашып кеткен.
 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу