Тұрлыхановтың ұлы тағы бірдеңе бүлдірді: ҚАЖК түсінік берді
689
Қазақстандық заңгер Анна Чернова әлеуметтік желіде бостандығын шектеуге үкім шығарылған Нұрасыл Болаттың түнде Алматыдағы көшеде достарымен бірге жүргені көрсетілген видеоны жариялады, деп хабарлады politico.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Таң атпастан видео келді. Видеодағы депутат Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың бас бостандығы шектелген және оған міндеттер жүктелген, бірақ видеодан оны сақтамай жүргені көрінеді. Видео шамамен таңғы 3-те салынған, 23.00-де ол үйде болуы керек. Сонымен қатар, оның тіркелген жері, пробация да Астана қаласында, ал видеоның түнде Алматы қаласында түсірілгені айтылды. Қаншама заңбұзушылық?! ҚАЖК-ға біраз сауалым бар, - деді ол.ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотталған адамға қатысты үкім 14 тамызда пробация қызметіне (тіркелген жері бойынша) орындауға түскен.
Заңнамаға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адамды есепке алған сәттен бастап іске асырылады, - деп түсіндірді ҚАЖК.Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда әскери қызметкердің белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды. Бұл оқиға туралы заңгер Анна Чернова жазды. Алматы қалалық ПД бұл дерек Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады. Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады. Фото: видеодан скриншот
Соңғы жаңалықтар
01.08.2026
17:22
КҚК жұмысы толық тоқтай ма? Министрлік ресми жа...
01.08.2026
16:44
«Челси» Дастан Сәтпаевқа қатысты шешім қабылдады
01.08.2026
15:54
Мөлдір Әуелбековаға қатысты тағы бір шу шықты: ...
01.08.2026
15:14
«Мен құқық қорғау органында жұмыс істеймін»: Се...
01.08.2026
14:16
Мешітте мектеп оқушысын аяусыз ұрып соққан ақтө...
01.08.2026
13:00
Таиландтағы сұмдық: 17 жастағы Роман мен әпкесі...