"Тұрсынбек Қабатов...": Жас келіншек әзілкеш үшін ажырасып кете жаздаған

Қазақстандық келіншек белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты тараған ақпараттан кейін отбасында үлкен жанжал шыққанын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.
– «Мына Қазақстан азаматтары не болып бара жатыр? Бір Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен күйеуіммен екі аптадай дұрыс сөйлеспей жүрдім. Бүкіл Қазақстанның ер азаматын жек көріп кеттім. Сол Қабатовтан психологиялық соққы алдым», – дейді ол.
Әйелдің айтуынша, әзілкешті өнері мен отбасылық бейнесі үшін қатты құрметтеген. Алайда «Тұрсынбек әйелін тастап, жас қызға кетіпті» деген сыбысты естігеннен кейін көңілі қалған.
– «Айдаладағы Тұрсынбек үшін күйеуіме ренжіп, оған ренішімді білдірдім», – дейді ол.
Мөлдірдің подкасттарында айтылған сөздер де оның көңілін түсірген.
– «Мөлдір: “Мен Тұрсынбекке ана болып кетіппін, өзімді жоғалтып алыппын, бүкіл өмірімді соған арнадым” деді. Сол сәттен бастап бұрынғыдай құрметтей алмадым», – дейді келіншек.
Осы жаңалықтан кейін ол күйеуіне қатысты бұрынғы реніштерін де есіне түсіріп, отбасындағы атмосфера нашарлап кеткенін айтады.
– «Біз ажырасып кете жаздадық», – деп түйіндеді ол.
Соңғы жаңалықтар





