«Тұрсынбектің кесірінен ажыраса жаздадық!»: Белгілі әзілкештің жеке өмірі бір отбасыны ойран етуге шақ қалған

«Тұрсынбектің кесірінен ажыраса жаздадық!»: Белгілі әзілкештің жеке өмірі бір отбасыны ойран етуге шақ қалған
06.08.2025 17:18
0
656
Фото: Sn.kz

Қазақстандық келіншек белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовқа қатысты естіген жаңалықтан кейін отбасында үлкен жанжал болғанын ашық айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ Skifnews.kzақпарат порталына сілтеп.

— Мына Қазақстан азаматтары не болып бара жатыр? Бір Тұрсынбек Қабатовтың кесірінен күйеуіммен екі аптадай дұрыс сөйлеспей жүрдім. Бүкіл Қазақстанның ер азаматын жек көріп кеттім. Сол Қабатовтан психологиялық соққы алдым, — дейді ол.

Ол бұрыннан әзілкештің өнерін де, отбасылық бейнесін де қатты құрметтеген.

— Өзі, отбасы, әзілдері — бәрі ұнайтын. Ал «Тұрсынбек әйелін тастап, жас қызға кетіпті» дегенді естігенде бүкіл өмірім төңкеріліп түсті. Айдаладағы Тұрсынбек үшін күйеуімнен ренжіп, оған ренішімді білдірдім, — дейді келіншек.

Айтуынша, бұл сезім Мөлдірдің подкасттарын тыңдағаннан кейін тіпті күшейген.

— Сол подкастта Мөлдір: «Мен Тұрсынбекке ана болып кетіппін, көп көңіл бөліп, өзімді жоғалтып алыппын, бүкіл өмірімді соған арнадым» деді. Сол сәтте мен оны бұрынғыдай құрметтей алмадым. Оның да өзінше түсіндірмесі болар, бірақ бәрібір көңілім қалды, — дейді ол.

Жаңалық келіншектің күйеуіне қатысты бұрынғы реніштерін де қозғаған.

— Тұрсынбектің жағдайын естіген сәтте күйеуімнің біраз уақыт мені ресторанға апармағаны, гүл сыйламағаны есіме түсті. Сол сәттен бастап үйде атмосфера өзгерді. Біз ажырасып кете жаздадық, — деп түйіндеді ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий