Туысының бизнесіне тиімді заңды депутат қолдай ала ма? – Құрылтай өкілі жауап берді

10.09.2026 16:16 Әсел МҰРАТ
Туысының бизнесіне тиімді заңды депутат қолдай ала ма? – Құрылтай өкілі жауап берді
246

Құрылтай депутаттарының арасында бизнес саласынан келгендер бар. Сонымен қатар кейбір депутаттардың жақын туыстары кәсіпкерлікпен айналысады. Осыған байланысты депутаттардың жеке немесе отбасылық мүддесі заң шығару процесіне әсер етуі мүмкін бе деген сұрақ туындайды, деп хабарлайды Politico.kz.

Атап айтқанда, егер депутаттың туысына немесе депутаттың бұрын байланысы болған компанияға қаржылық не өзге де пайда әкелуі мүмкін заң жобасы дауыс беруге шығарылса, мұндай жағдайда қандай тәртіп қолданылады?

Журналист бұл мәселені Құрылтай депутаты Снежанна Имашеваға қойды.

Депутаттың айтуынша, мұндай жағдайға қатысты нақты норма Құрылтай Регламентінде көрсетілмеген.

«Бұл мәселе Регламентте нақты жазылмаған. Әрине, депутаттар мұндай жағдайларға жол бермеуі керек. Әр ұсыныстың кімнің мүддесін қорғайтыны бірден көрінеді. Сондықтан мұндай мәселелер жұмыс барысында анықталып, оған жол берілмейді», – деді Снежанна Имашева.

Осылайша, депутаттың туыстарына немесе бұрын байланысы болған бизнеске пайда әкелуі мүмкін заң жобаларын қарау кезінде мүдделер қақтығысын реттейтін арнайы норма әзірге Регламентте нақты бекітілмеген.

Войдите, чтобы оставить комментарий