Үкімет жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстарын бастайды

06.04.2026 11:34 Арман Ермеков
Үкімет жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жұмыстарын бастайды
164
Жаңа Конституцияны түсіндіру жоспары | Фото: Ақорда

Үкімет 15 наурызда өткен республикалық референдумда қабылданған жаңа Конституцияны халыққа түсіндіру жоспарын бекітті, деп хабарлайды Politico.kz.

Үкімет басшысы Олжас Бектенов қол қойған құжат Ата заңның негізгі ережелерін түсіндіруге және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Жоспар ұйымдастыру, ақпараттық түсіндіру және құқықтық қамтамасыз ету сияқты үш бағыттағы 36 шарадан тұрады.

Осы жоспар аясында жаңа Конституция мәтіні басып шығарылып, электронды платформаларға орналастырылады. Мүгедектігі бар адамдар үшін құжаттың арнайы бейімделген нұсқасы әзірленеді. Халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында мектептер мен жоғары оқу орындарының бағдарламалары жаңарып, оқушылар мен студенттерге құқық негіздері мен заң және тәртіп курстары оқытылады. Сонымен қатар түрлі оқыту семинарлары, тақырыптық көрмелер мен ағарту жобалары іске қосылмақ.

Заңнамалық шараларды жүзеге асыру үшін қолданыстағы заңдарға талдау жасалып, Негізгі заң нормаларына сай барлық стратегиялар мен тұжырымдамалар қайта жаңартылады.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияға 17 наурызда қол қойған болатын.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий