Ұлттық банк 2000 теңгелік жаңа банкнотты таныстырды
Жаңа банкноттың дизайны мен символикасы туралы толығырақ
Қазақстан Ұлттық банкі 2000 теңгелік жаңа банкнотты таныстырды. Бұл банкнот "Сақ стилі" сериясының үшінші нұсқасы болып табылады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Жаңа банкнот дәстүрлі қазақ орнаментінің бастауы болып саналатын "Сақ стилі" элементтеріне негізделген. Бұл Қазақстанның көшпенді мәдениетінен бастап, заманауи жетістіктеріне дейінгі мұраларын көрсетеді", – деп атап өтті қаржы институты.
Алдыңғы бетінде:
- "Өмір ағашының" бұтағы және қалықтап ұшқан құс;
- ДНҚ спиралі және шексіздік белгісі орнамент ретінде бейнеленген – бұл адамның табиғатпен байланысын білдіреді;
- Артефакт – мүйізді жануардың суреті (молшылық пен байлық белгісі).
Артқы бетінде:
- Сайғақтардың бейнесі және орнаментпен көмкерілген қалқан;
- Қазақтың дөңгелек орнаменті – құндылықтарды қорғау символы;
- Артефакт – сайғақтың басы.
Жаңа банкноттар айналымға 2025 жылдың екінші тоқсанында енгізіледі. Ал ескі дизайндағы купюралар бір жарым жыл бойы қатар қолданыста болады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
09.11.2026
18:44
Қазақстандағы ең жүктемесі көп 10 ақылы автожол...
09.11.2026
17:23
Қазақстандағы оқиға әлемдегі ең бай адамның наз...
09.11.2026
17:07
ҚазҰУ жатақханасындағы студент өлімі: оқиға тур...
09.11.2026
16:34
Жамбылда есірткімен ұсталған ресейлік рэпер Nav...
09.11.2026
16:19
Танымал блогер Біржан Әшімнің әкесі дүниеден өтті
09.11.2026
16:15
"Билегені де жиіркенішті": Бесбаевтың тойына то...