Ұлытау облысына жаңа әкім келді
1797
Есет Байкен Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Politico.kz.
Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
Есет Байкен кім?
1986 жылы Қарағанды облысында туған.
Қазақ гуманитарлық-заң университетінде «Қаржы» мамандығы бойынша орта арнаулы және жоғары білім алған. Сондай-ақ Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білімін тәмамдаған.
Еңбек жолы:
- 2008-2009 жылдары – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жсопарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы міндетін атқарушы;
- 2009 жылдың ақпан-шілдер айларында – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің жетекші маманы;
- 2009 - 2010 жылдары – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ инвестициялық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы,;
- 2010 жылдың қазан-қараша айларында – «Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алу бөлімінің бас маманы;
- 2010 -2013 жылдары – Астана қаласы әкімі аппараты әлеуметтік-мәдени сала бөлімінің бас маманы;
- 2013 жылдың наурыз-тамыз айларында – Астана қаласы әкімінің бас инспекторы;
- 2013 - 2016 жылдары – Астана қаласы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы;
- 2016 - 2017 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігі Хатшылығының сарапшысы;
- 2017 - 2019 жылдары – Қазақстан Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, Астана қаласы;
- 2019 жылдың ақпан-шілде айларында – Қарағанды облысы Нұра ауданының әкімі;
- 2019 - 2020 жылдары – Нұр-Сұлтан қаласы әкімі аппаратының басшысы;
- 2020-2022 жылдары – Астана қаласы Сарыарқа ауданының әкімі.
- 2022 жылдың ақпан-қыркүйек айларында – Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары.
- 2022 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.
Соңғы жаңалықтар
17.08.2026
23:59
Ұлттық банк Жаңа Конституцияға арналған коллекц...
17.08.2026
22:13
АҚШ Мемдепартаментінің тізімі: Қазақстан Франци...
17.08.2026
21:32
Атырау халықаралық әуежайы Бакуден алғашқы рейс...
17.08.2026
21:05
Шиповских: Мен тойда брейк билеп, дәретхана қаз...
17.08.2026
20:31
Ақтауда Әскери-теңіз туының алғаш көтерілгеніне...
17.08.2026
20:13
"Жар таңдаудан жаңылды". Ұлдананың анасы экс-кү...