ҰҚК Астана көші-қон полициясының бұрынғы бастығын тергеп жатыр

07.09.2026 20:21 Абзал БАХЫТЖАНОВ
ҰҚК Астана көші-қон полициясының бұрынғы бастығын тергеп жатыр
60
Фото: gov.kz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Астана қаласы полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысы Ербол Махметовке қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Редакциямыздың жолдаған сауалына жауап берген ведомство бұл деректі растады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-тармағына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – делінген бөлімше бастығы Олжас Бектенов қол қойған құжатта.

Бұған дейін органдардан жұмыстан шығарылған экс-шенеуніктің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше Ербол Махметовке атышулы қылмыстық іс аясында сұрақтар туындаған. Осы тергеу бойынша бұған дейін Астана қаласы көші-қон полициясы басшысының орынбасары Әлия Мақаева ұсталған болатын.

Аталған іс шетелдіктерге түрлі құжаттарды заңсыз алуға көмектескен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қозғалған. Оның ішінде өзге ел азаматтарына Қазақстанда тұруға ықтиярхат жасап беру фактілері де бар.

Журналистің дерегіне сүйенсек бұл істе басқа да күштік құрылымдардың ұсталған өкілдері бар. Қазіргі уақытта күрделі істі Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Өзіндік қауіпсіздік департаменттері бірлесіп зерттеп жатыр.

Войдите, чтобы оставить комментарий