Үш қаланың әкімі нашар жол үшін жауапқа тартылды

07.01.2026 11:27 Арман Ермеков Арман Ермеков
Үш қаланың әкімі нашар жол үшін жауапқа тартылды
0
537
Фото: gov.kz. Суретте: Молдағали Камитұлы, Шыңғыс Рашитұлы, Әнес Саятұлы

Ақмола облысында жолдар мен теміржол өткелдерінің нашар жағдайы үшін 300-ден астам лауазымды тұлға, оның ішінде үш қаланың әкімі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Politico.kz

Ақмола облысының тәртіп сақшылары өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы көлік инфрақұрылымына 3 мыңнан астам тексеру жүргізді. Инспекторлар жалпы саны 3041 учаскені, нақтырақ айтқанда 2776 автомобиль жолы мен 265 теміржол өткелін зерттеді. Мониторинг барысында қозғалыс қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін көптеген бұзушылықтар анықталды.

Тексеріс нәтижесінде 301 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Айыппұл арқалағандардың арасында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының өкілдері, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің қызметкерлері және жол жөндейтін мердігер ұйымдар бар. Әкімшілік жазаға ауылдық округтердің 72 әкімі де ілікті.

Полиция Атбасар, Ақкөл және Макинск қалаларының басшыларына қатысты шара қолданды. Атап айтқанда, Атбасар қаласының әкімі Әнес Қаиржан, Ақкөл қаласының әкімі Шыңғыс Теміржанов және Макинск қаласының әкімі Молдағали Кеженев жауапқа тартылды.

Сондай-ақ полицияның ресми ұйғарымдарын орындамаған 18 лауазымды тұлғаға бөлек айыппұл салынды. Жолдағы кемшіліктерді жою үшін жергілікті атқарушы органдар мен жауапты мекемелерге 386 ұсыныс хат жолданды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий