Владимир Путин Тоқаев пен Қазақстан халқын Наурызбен құттықтады
Ресей президенті қазақ халқына Наурыз мейрамымен ақжарма тілек жолдады
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Наурыз мейрамына орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кремльдің баспасөз қызметінің мәліметінше, Путин Қазақстан халқына шын жүректен құттықтауын білдіріп, бұл жарқын мереке жаңару, бейбітшілік пен келісімнің белгісі екенін атап өтті.
– Ресей мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастар одан әрі нығая түсетініне сенімдімін, – делінген Ресей президентінің құттықтауында.
Сондай-ақ Путин Наурыз мейрамына орай Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Иран мемлекеттерінің басшыларына да құттықтау жолдады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
28.10.2026
20:14
Тоқаев Түркияға ресми сапармен барды
28.10.2026
20:11
«Тоқаев уақытпен жарысып жатыр»: саясаттанушы П...
28.10.2026
19:49
Қайрат Мақсұтов «Самұрық-Энерго» басқарма төрағ...
28.10.2026
19:28
Маңғыстау облыстық полиция департаментіне жаңа ...
28.10.2026
19:21
Айбар Олжаев Тоқаевтың Жолдауындағы құрылыс бас...
28.10.2026
18:48
“Адамдарды көліктерге қарай итерген”: Астанада ...