Зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендету туралы петиция пайда болды
Мемлекеттік ePetition.kz сайтында елдегі зейнеткерлік жасын төмендетуге арналған өтініш пайда болды, деп хабарлайды politico.kz.
Өтініштің авторы зейнеткерлік жасты әйелдер үшін 55 жасқа, ал ерлер үшін 58 жасқа дейін төмендетуді талап етті. Өтініш иесі көршілес мемлекеттердегі – Моңғолия, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейдегі зейнетке шығу жасын негізге алғанын айтады.«Бірдей климаттық жағдайларда, бірдей өмір сүру ұзақтығында, Қазақстандағы ер адамдардың зейнетке шығу жасы 63 жас, ал әйелдер де 2028 жылдан кейін 61 жасқа дейін шығатын болады. Бұл қорлық деп санаймыз», - делінген петиция мәтінінде.Өтініш иесі 50 жастан кейін қазақстандықтардың денсаулығы нашарлайтынын, бірақ олар бұл жасқа келгеннен кейін де жұмыс істеуге мәжбүр екенін, соның салдарынан кейбір қарт адамдардың мүгедек болып қалатынын айтады. Сонымен қатар, петиция авторының пікірінше, көптеген жас қазақстандықтар жұмыссыздар ретінде еңбек биржасында тіркелген. Петицияда 55 жастан асқан адамдарды жұмыс істеу қажеттілігінен арылтып, жастарға жұмыс орындарын беру ұсынылады.
«Зейнеткерлік жасты төмендету жұмыссыздар мен мүгедектердің санын айтарлықтай қысқартады. Жастар жұмыспен қамтылып, мүгедектер зейнетке шығады», - деп санайды петиция авторы.Қазіргі кезде петицияға 324 адам қол қойған. Айта кетейік, өтініш қаралу үшін ол 50 мың қол жинауы тиіс. Фото: pixabay.com
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
20.10.2026
21:53
Шымкентте газға уланған екі бала қайтыс болды
20.10.2026
20:38
«Қазақстан темір жолы» поездарында Starlink жел...
20.10.2026
19:14
Бас прокуратура 1,3 триллион теңгелік активтерд...
20.10.2026
18:10
Мемлекет басшысы Ақтоғай мыс балқыту зауытының ...
20.10.2026
17:57
Мұнайсыз да өсім бар: инвестиция 25%-ға артты
20.10.2026
17:33
ҚФФ «Ақтөбеге» 2 млн теңгеден астам айыппұл салды