Жайлы мектеп – ұлт болашағына салынған инвестиция
Табысты ұлт болудың маңызды шарттарының бірі - орта білім сапасы. Ал әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалып, заманауи мектептер салынуы тиіс. Бұл мәселеге Мемлекет басшысы айрықша назар аударып келеді. Мәселен, Президент 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынатындығын мәлімдеген еді.
Ұлттық жоба еліміздегі оқушы орындарының тапшылығын шешуге, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін жоюға бағытталған. 2024-2025 жылдары 740 мың оқушы орнына арналған 369 мектепті, оның ішінде биыл 217 мектепті, ал 2025 жылы 152 мектепті қолданысқа беру көзделген. Мектептер құрылысы бірыңғай стандарт бойынша жүзеге асырылып жатыр. Мектептердің 163-ы немесе 44 пайызы ауылдық жерлерде салынады. Жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2,3 трлн теңге, оның ішінде:
- 2023 жылға – 500 млрд теңге
- 2024 жылға – 976,3 млрд теңге
- 2025 жылға – 909,4 млрд теңге бөлінген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
27.10.2026
21:56
Microsoft 60 мың қызметкеріне өз еркімен жұмыст...
27.10.2026
20:40
Жамбыл облысында заңсыз көші-қон ұйымдастырған ...
27.10.2026
19:53
Қызылорда полициясы атышулы жол апатына кінәлі ...
27.10.2026
19:20
«Ерен еңбегі үшін» медалі ел арасында қызу талқ...
27.10.2026
18:49
Айсултан Сейітов пен A$AP Rocky-дің жаңа клипі ...
27.10.2026
18:16
28 қазан, сағат 11:00: Тоқаев халыққа үн қатады