Жамбыл облысында әскери бөлімде сарбаз ауыр жарақат алды

07.01.2026 10:27 Әсел Мұрат Әсел Мұрат
Жамбыл облысында әскери бөлімде сарбаз ауыр жарақат алды
0
280
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 6 қаңтарда Жамбыл облысындағы Гвардейский (Отар) кентінде орналасқан №30212 әскери бөлімде болған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бұған қатысты Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Мерзімді қызметтегі әскери қызметші казарма алдындағы таңғы тексеріс кезінде сол қолының саусақтарын темір затпен жарақаттап алған. Зардап шеккен сарбаз жедел түрде әскери госпитальға жеткізіліп, оған медициналық көмек көрсетілді. Оның жағдайы тұрақты, өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Қазіргі уақытта сарбаз дәрігерлердің бақылауында.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ІІМ-нің Әскери-тергеу басқармасының Оңтүстік өңірлік гарнизондық бөлімі оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу шараларын жүргізіп жатыр», – деп мәлімдеді Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі.

Сарбаздың айтуынша, ол бұл әрекетті әскери қызметіне қатысы жоқ жеке себептермен жасаған.

Сарбаздың айтуынша, ол бұл әрекетті әскери қызметіне қатысы жоқ жеке себептермен жасаған.

Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия барды. 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий