Жамбыл облысында тағы бір жасөспірім өзіне қол салды
Жамбыл облысының Байзақ ауданында тағы бір жасөспірімнің өлімі тіркелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Қайғылы оқиға Диқан ауылында болған. 16 жастағы баланың денесін сарайдан анасы тауып алған. Жақындарының айтуынша, оның бойынан бұған дейін алаңдатарлық мінез байқалмаған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірімнің денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
«Байзақ ауданында кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
25.10.2026
10:07
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып,...
25.10.2026
09:13
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республик...
24.10.2026
17:20
Ақтөбе облысында жұмыс кезінде күйік алған темі...
24.10.2026
16:15
Қордайда BMW көлігі тротуарға шығып кетіп, үш ә...
24.10.2026
15:28
Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда ...
24.10.2026
14:38
Павлодарда тісін емдеткен үш жасар қыз үш күнне...