Жамбыл облысында «Томирис» емшімен кездесуге мұғалімдерден ақша жиналған
Әлеуметтік желіде тараған видеода жергілікті емшінің Тұрар Рысқұлов ауданы Тереңөзек ауылының ортасында көліктен түсіп, ұрандап келе жатқаны көрсетілген, деп хабарлайды politico.kz Тuraninfo.kz-ке сілтеме жасап.
БАҚ-тағы ақпаратқа қарағанда, Жамбыл облысының Тереңөзек ауылында емші Гүлсара Суазқызы келіп кеткеннен кейін дау туындаған. Оның өзі – «Томирис» есімімен танымал балгер. Жергілікті тұрғындар мұғалімдерден жиналған ақшамен оған құрмет көрсетіп, күтіп алған.
Журналистер мәселенің мән-жайын білу үшін Тереңөзек ауылдық округінің әкімі Қанат Сматқа қоңырау шалған.
Ол қонақтарды күтіп алу, жатар орынға жайғастыру, дастархан шығындарына аудан әкімдігінің де, біздің де еш қатысымыз жоқ, - деп жауап берген әкім.Гүлсара Суазқызы бастапқыда мектеп директоры Эльмира Зәкімбаеваға хабарласып, ауыл тұрғындарымен қатар, мектеп оқушыларымен де кездескісі келетінін жеткізген. 29 тамызда «Томириске» мектеп тарапынан «Туған жерге тағзым», «Мектепке жол!» республикалық қайырымдылық акциялары аясында іс-шара ұйымдастырылған. Мектеп басшылығы журналистерге ұстаздардан емшіні күтіп алу үшін ақша жиналғанын да растаған. Осы орайда «Томирис» – Гүлсара Суазқызы өзін ҚР денсаулық сақтау саласының үздігі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Мишель Нострадамус атындағы проскопия ғылымдарының академигі деп таныстырған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
30.10.2026
23:25
Каспийдегі 14 сарбаздың өлімінен кейін Бектенов...
30.10.2026
22:27
Бір жарым айда екінші өлім: Көкшетауда сот қызм...
30.10.2026
21:35
Семейде облыстық сот алдында өзін өртеген ер ад...
30.10.2026
20:31
Ақсуда босанған әйелдің жатырын алып тастаған: ...
30.10.2026
19:29
«Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына қосылуы керек...
30.10.2026
18:38
Түркістан 2027 жылы Ислам әлемінің мәдени астан...